Зәуреш және жұлдызды компания

03.05.2022

Фремонт қаласында (Калифорния, АҚШ) 3-8 мамыр аралығында үстел теннисінен "WTT Feeder" өкілдік турнирі өтеді, онда әлемдік "ТОП-50" құрамына кіретін көптеген танымал спортшылар - Маттиас Фальк (Швеция, ITTF рейтингісінде №17), Чэн И-Цзин (Тайбэй, №13), Чэн Сзу-Ю (Тайбэй, №24), Чуан Чжи-Юань (Тайбэй, №25), Якиа Уда (Жапония, №31), Канак Джа (АҚШ, №32), Бритт Ирланд (Голландия, №36), Лили Чжан (АҚШ, №38), Бенедикт Дуда (Германия, №43) өнер көрсетеді. Бұл жұлдызды компанияда Қазақстанның намысын 2022 жылғы ел чемпионы Зәуреш Ақашева қорғайды. Біздің теннисшіге сәттілік.

Талап Қойбағаров