Жылдамдық, шеберлік – табыс кепілі

30.04.2018

Шведтің Хальмстад қаласында үстел теннисінен 54-ші әлем чемпионаты (Liebherr 2018 World Team Table Tennis Championships) басталды. 144 команда үш дивизионға: чемпиондық (1-ші орыннан 24-ке дейін), екінші (25-48) және үшінші (49-72) бөлінді. Қазақстанның ерлер құрамасы екінші дивизионның «Н» тобында «Хальмстад Аренада» Люксембургтен келген шеберлермен ойынды бастап және өз жоспарланған жеңістеріне жетті. Команда көшбасшысы Кирилл Герасименко ойынды бастап бірінші партияны Лук Младеновичке берді. Мен алаңдап үлгерместен, Кирилл бастаманы өз қолына алып қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Құраманың екінші номерлік ойыншылары Денис Жолудев және Эрик Глоданың қарсыластықтарында дәл осындай есеп таблодан, бірақта Люксембургтің пайдасына қарай көрініп тұрды. Денис жақсы ойнады, аз қателесті, бірақ Эрикке доппен үстелге дәл тигізу жағынан ұтылып қалды.

Өзін және қазақстандық жаттықтырушыларды қуантқан ойыншы ол Тимур Кельбұғанов болды – соншалықты айқын, нәтижелі және сенімді ол әлдеқашан ойнаған жоқ. Гиллес Мишели білікті теннисші, ракетканы қолында өте жақсы ұстайды, алайда Люксембургтің өкінішіне орай ол Тимурдың мықтылығына түсіп қалды. Қазақстандықтар 2:1 есебімен алдыға жылжыды, ал ойынның финалдық қорытындысын Кирилл Герасименко қойды, 3:1.

Әйелдер құрамасы чемпионаттың таңғы бағдарламасында ешбір қиындықсыз 3:0 есебімен Иорданияны ұтты және 19.00 де өз тобындағы көшбасшылыққа негізгі бәсекелесі Индонезиямен кездесті. Көзбен біздің қыздар сымбаттырақ, қуаттырақ көрінеді. Оңтүстік Шығыс Азияның теннисшілері бұны мойындады және оның орнына қатты жылдамдық, мықты дайындық және аз қателікті ұсынды. Зәуреш Ақашева ойынды өзіне алып, өз командасына бір ұпай алып берді. Анастасия Лаврова және Наталья Сладкова жоғары қарқынды қарсыластыққа шыдай алмады және Қазақстан 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Кезекті турда біздің ерлер құрамасын өте мықты қарсылас күтіп тұр – ол Иран. Ал біздің қыздарымыз Гватемала құрамасымен ойнайды.


Талап Қойбағаров, Хальмстад қ.