Жоспарлар үлкен және қызықты

16.12.2021

Түркістан облысы Жетісай ауданы Үстел теннисі федерациясының төрағасы Әлихан Утанов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас теннисшілер мен жаттықтырушыларға 30 спорттық киім жиынтығын сыйға тартты.

Қоғамдық ұйым төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының алдағы 2022 жылға арналған үлкен, қызықты жоспарлары бар. Бұл үстел теннисінің арнайы залын салу, спорттық құрал-жабдықтарды (ракеткалар, доптар, теннис үстелдері, торлар, жапсырмалар, ернеулер) сатып алу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Негізгі мақсат - жетісайлық теннисшілердің республикалық, халықаралық жарыстардағы жеңістері.

Суретте Түркістан облысы Жетісай ауданы Үстел теннисі федерациясының Төрағасы Әлихан Утанов пен облыстың аға жаттықтырушысы Ержан Есімханов



Талап Қойбағаров