Жолың болсын, үстел теннисі!

30.09.2022

Шығыс Қазақстанда 25 жылдық тарихы бар спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде үстел теннисі бөлімі ашылды. Оқыту 7-сыныптан бастап жүргізілуде, спорт шебері, командалық есепте ел Кубогының екі дүркін иегері, Қазақстан жастар біріншілігінің күміс жүлдегері, республикалық жасөспірімдер ең мықты турнирінің жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионатының қатысушысы Кирилл Сотниктің жетекшілігімен Жаңа үстел теннисі орталығының залында күніне екі рет жаттығатын 8 талантты спортшы қабылданды. Жолың болсын, үстел теннисі!

Талап Қойбағаров