Жолдарыңыз болсын!

28.02.2022

Баянауылда (Павлодар облысы) үстел теннисінің арнайы залы ашылды, онда жаттықтырушы Әкімбек Салықовтың басшылығымен БЖСМ-нің жас спортшылары ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептің оқушылары да айналыса алады. Іс-шараның басты мақсаттары: үстел теннисінің тактикасы мен техникасына оқыту, білім алушылардың денсаулығын нығайту, барлық дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, төзімділік) тәрбиелеу, жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау. Айта кетейік, зал облыстық үстел теннисі Федерациясының президенті Асхат Қалиевтің қолдауымен ашылды. Жолдарыңыз болсын!

Талап Қойбағаров