Жолдарыңыз болсын

13.07.2021

Нұр-Сұлтан қаласының олимпиадалық резервті даярлау орталығы үстел теннисі бөлімінің ашылуы есебінен кеңейіп келеді және онда дарынды спортшылар командалық есептегі Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері Малика Сандыбаева (суретте), Елизавета Лаврова, 2006 ж.т қыздар арасындағы ел біріншілігінің алтын жүлдегері - Алиса Цвигун жаттығатын болады. Жаңа бөлімшенің мақсаты өте қарапайым - оқу-жаттығу барысын ұйымдастыру және өткізу, спорт шеберлігін арттыру, ал негізгі міндет -теннисшілердің республикалық және халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуі болып табылады. Жолдарыңыз болсын!

Талап Қойбағаров