Жолдарыңыз болсын!

05.03.2019

Қызылорда облысы әділет Департаментінде «Қызылорда облысының үстел теннисі Федерациясы» қоғамдық бірлестігітіркелген. Осылайша, бұл олимпиадалық спорт түрі жұмыс істей бастаған елдегі соңғы 17-ші аймақ. Федерация президенті болып Болат Бақауов сайланды, оның алдына тұрғындар арасында үстел теннисін танымал ету, материалдық-техникалық база құру, білікті жаттықтырушылар кадрларын тарту, теннисшілерді жаттығудың сапалы жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды.Осы және басқа да мәселелерді шешуде Федерация басшылығында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісімге қол жеткізілді. Жолдарыңыз болсын!