Жол болсын!

26.06.2023

27 маусымда "ADD Table Tennis Center Astana" үстел теннисі орталығында 2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталады. Алғашқы үш күнде командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады, ал 2 шілдеде жеке, жұптық, аралас разрядтарда алтын, күміс және қола медаль иегерлері белгілі болады.

Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының спортшылары қатысады. Жол болсын!


Талап Қойбағаров