Жұма күні "алтын", сенбіде "алтын"!

05.03.2023

Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирінде 16 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Тоқтамыс Хасенов) тамаша өнер көрсетті. Жұма күні ол 17 жастағы спортшылар арасында чемпион атанды, ал сенбіде ол 19 жастағы ойыншылар арасында алтын медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров