Жүлделі орындар үшін күресуге дайын

26.08.2020

Өткен маусымда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының Жоғарғы лигасында алғаш рет ерлер мен әйелдер бір-біріне қарсы ойнады. Сұлулыққа қарсы Батылдық жарыстарға ерекше сән берді. Украиндық маман, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Бельский Қазақстанның чемпионаты туралы өз әсерімен бөлісті, екінші маусым, шымкенттік "Sigma" клубының жаттықтырушысы: "Жоғарғы лигадағы шеберлік деңгейі өте өзгеше - мұнда Қазақстанның ұлттық, жастар құрамаларының мүшелері, өте жас спортшылар мен ардагерлер де күресуде. Менің ойымша, әлсіз клубтарды жіберу үшін I лиганы құратын кез келді, сол кезде жоғарғы лигада өтпелі матчтар болмайды, ойын уақытын тиімді, қызықты жекпе-жектерге үнемдейміз. "Sigma" командасының құрамы өткен жылдан бері өзгерген жоқ - Кәмила Халикова (Өзбекстан), Розалина Хаджиева (Өзбекстан), Назакят Гараева (Әзірбайжан). 2020 маусымының бірінші шеңберін қыздар бірнеше себептермен сәтті ойнаған жоқ: Кәмилаға, Розалинаға толық жаттығу үшін жарақаттары кедергі келтіруде және олардың өз жоғарғы деңгейлеріне жетулері әзірше қиынырақ. Әзірбайжанда Назакят үшін лайықты жұптас серіктестері аз. Ол агрессивті (келешекті) ойын стиліне ие және ол көп, сапалы жұмыс істеуі керек. Өткен жылы біз тапсырманы орындадық: бірінші орынға ие болдық және Суперлигаға түстік, өкінішке орай, онда әйелдер командалары ойнамайды. 2020 жылға арналған жоспар - Жоғарғы лигадағы жүлделі орындар үшін күрес!».

Суретте Кәмила Халикова, Розалина Хаджиева, Назакят Гараева және Александр Бельский "Sigma" клубынан.








Талап Қойбағаров