Жетістіктерді көбейту, чемпиондарды дайындау

27.06.2021

Үстел теннисінен Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Әсет Сағымбаев (бұрын Бабасов) болды. Спорт шебері, Германия-2012 және Жапония-2014 Әлем чемпионаттарының, Таиланд, Үндістан Азия жастар чемпионаттарының қатысушысы. Спорттық мансабында республикалық Спартакиадада, еліміздің жастар біріншіліктерінде, Қазақстан чемпионатында алтын жүлделер жеңіп алған болатын. "TNK BP" (Сорочинск, Орынбор облысы, Ресей) кәсіби клубында өнер көрсеткен.

Әсет Сағымбаев: "Біздің облыста үстел теннисі әрдайым алдыңғы қатарда болды, ал Руслан Тұрғамбаев, Диас Сәрсембаев, Деас Мархабаев, Мейрамбек Назым республикалық және халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетті. Жақында Алматыда 2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында республика чемпионаты өтті, одан ақтөбеліктер лайықты марапаттар алып келді. Облыстың аға жаттықтырушысы ретінде әріптестеріммен бірге біздің жетістіктерімізді арттыруға, болашақ чемпиондарды табуға және дайындауға тырысамын".

Талап Қойбағаров