Жеке медальдарды жинау басталды

11.06.2021

Алматыда өтіп жатқан 2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында алғашқы жүлдегерлер анықталды. Жеке есепте қыздар арасында Айкөркем Батырова (Батыс Қазақстан облысы) мен Мафтуна Ханиязова (Түркістан облысы), ұлдар арасында Мансұр Сәрсенғали (Маңғыстау облысы), Табиғат Шәріпхан (Алматы облысы) қола медальдарды жеңіп алды. Құттықтаймыз!

13 маусымда "алтын" жүлдесі үшін Айназ Әділгереева (Алматы), Томирис Қосар (Шымкент), ал ұлдар арасында Мансұр Сүйіндік (Батыс Қазақстан облысы), Марлен Жұмағұл (Түркістан облысы) матчтар өткізеді. Сенбі күні жұптық және аралас разрядтарда жарыстар басталады.


Суретте солдан оңға қарай жеке турнирдің финалистері Томирис Қосар, Айназ Әділгереева және Мансұр Сүйіндік, Марлен Жұмағұл.





Талап Қойбағаров