Жеңісті күн

19.12.2019

Славянск қаласында-Кубаньда (Краснодар өлкесі) Суперлиганың ерлер командалары арасында Ресей үстел теннисі федерациясының құрлықтық чемпионатының екінші туры жалғасуда. Кешегі жеңілістерден кейін 2:3, 0:3 қазақстандық TC "Astana" клубы бүгін мәскеулік "Ратен" клубынан 3:0 есебімен басым түсті және "СтройИнвест" клубын 3:1 есебімен жеңіп кетті. Ертең жарыстың соңғы күнінде біздің теннисшілер "ЦОП" (Краснодар), және "Луч" (Владимир) клубтарымен ойнайды. Суретте Дастан Кенжеғұлов.

Талап Қойбағаров