Жеңіс, тең ойын, жеңіліс

06.09.2021

Жексенбі күні үстел теннисінің қазақстандық шеберлері Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев Германия, Австрия, Словенияда матчтар өткізді. WTТ (Оточец қаласы) турнирінің алаңына бірінші болып қарағандылық Алан Құрманғалиев шығып, Янка Урбанды (Словения) 3:0, Кевин Фуды (Германия) 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді және 6 қыркүйекте 1/16 финалда ойнайтын болады.

Австрия чемпионаты осы Орталық Еуропа елінде басталды. Айдос Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәли, Ескендір Харки ойнайтын "Badener" (Баден) клубы Штоккераудан келген өткен маусымның жартылай финалисті "UTTC" клубын қабылдады. Жауынгерлік матч 3:3 есебімен тең аяқталды - Баденге Аббаси Амиррез (екі ұпай + жұптық разрядта бір ұпай), Айдос Кенжеғұлов (жұптық разрядта) ұпайлар сыйлады.


Германия чемпионатының 4-ші турында Бундеслига көшбасшыларының бірі "TTF Liebherr" (Оксенхаузен) клубы сапында Кирилл Герасименко өнер көрсететін бремендік "Werder" клубымен кездесті. Есеп 3:2 және "TTF Liebherr" турнирлік кестені басқаруды жалғастыруда.

Кирилл Герасименко («Werder») - Канак Джа («TTF Liebherr») 1:3

Маттиас Фальк («Werder») - Мацей Кубик («TTF Liebherr») 3:0

Хунор Сеч («Werder») - Самуэль Кульчицкий («TTF Liebherr») 2:3

Маттиас Фальк («Werder») - Канак Джа («TTF Liebherr») 3:2

Кирилл Герасименко/ Марсело Агирре («Werder») - Мацей Кубик/ Самуэль Кульчицкий («TTF Liebherr») 1:3.



Талап Қойбағаров