Жеңіс үшін қолайлы жағдай жасау

11.11.2021

Ақтөбе облысының әкімдігі аймақтағы үстел теннисі Федерациясының төрағасы Руслан Хамбаровтың бастамасы бойынша 100 "Waldner classic 25 (blue)" үстелін, 1000 "Donic" ракеткасын (әртүрлі үлгідегі), 10 мың "Donic balls P40 + coach" шарын сатып алып, облыстың 13 ауданына, жоғары спорт шеберлігі мектебіне, олимпиадалық резервті даярлау орталығына, Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне берді. Көптеген жылдар бойы әртүрлі ауқымдағы жарыстарда табысты өнер көрсетіп келе жатқан Ақтөбе облысының теннисшілеріне (аға жаттықтырушы Әсет Сағымбаев) үлкен қолдау көрсетілді.

Талап Қойбағаров