Жеңілістермен аралас жеңістер

24.11.2023

Португалияда (Вила-Нова-ди-Гая қаласы) үстел теннисінен "WTT Feeder" халықаралық турнирі өтуде, онда Қазақстан атынан 6 спортшы қатысып, келесі нәтижелерді көрсетті:

Жұптық разряд.

Зәуреш Ақашева / Анастасия Лаврова (суретте) ширек финалға дейін жетті.

Айдос Кенжеғұлов / Владислав Захаров ойынның бірінші айналымында Сауд Арабиясының қарсыластарына жол берді.

Аралас разряд.

Айдос Кенжеғұлов / Зәуреш Ақашева 1/8 финалда қытайлықтардан жеңіліп қалды.

Жеке разряд.

Анастасия Лаврова: бір жеңіс, бір жеңіліс (+1, - 1);

Зәуреш Ақашева (+ 1, - 1);

Бақдәулет Әкімәли (+ 1, - 1);

Дастан Кенжеғұлов (-1);

Айдос Кенжеғұлов (- 1);

Владислав Захаров (- 1).

Талап Қойбағаров