Жеңіліс-табысқа жету жолының бір бөлігі

07.09.2019

7 қыркүйекте Ұлан-Батыр (Моңғолия) жасөспірімдер мен кадеттер арасында үстел теннисінен кезекті Азия чемпионатына қатысушылармен қоштасады. Біздің спортшылардың өнер көрсетуі туралы жаттықтырушы Татьяна Ким былай дейді: "Теннисшілер Бақдәулет Әкімәли, Сағантай Құрманбаев, Темірлан Ким, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов матчтарға байсалды жақындап, тырысып, күресті, Таиландтың бірінші ракеткасы Янапонг Панагитгунды жеңдік (Бақдәулет Әкімәли көзге түсті), Сингапур, Гонконг, Сауд Аравиясы, Моңғолия сияқты елдерден басым түстік. Қытай, Иран, Үндістанға қарсы тартыста 1:3, 2:3 есебімен ұтылып, алайда лайықты өнер көрсеттік. Командалық турнирде 9-11 орынға жайғастық, ал жеке есепте Сағантай Құрмамбаев, Санжар Жұбанов "32 үздіктер" қатарына енді, олар өз кіші топтарында екінші орынға ие болды. Кадеттер арасында Темірлан Ким, Алан Құрманғалиев "26 үздіктің" арасына енді (13 кіші топ болды). Жұптық разрядта 1/8 финалға жетіп, онда бізді қытайлықтар тоқтатты: бұл жерде Санжар Жұбанов - Сағантай Құрманбаев Сингапурды жеңіп, Алан Құрманғалиев - Темірлан Ким Сауд Арабиясынан басым түсті. Барлық балалар әр доп үшін күресті, оларда жеңіске деген құлшынысы болды. Негізінен жылдамдықта жеңіліс таптық, берілісті қабылдауда көптеген қателіктер жібердік және соның салдарынан күшті шабуылдар алдық. Біздің азиялық қарсыластарымызда жақсы, күрделі доп берулер мен жылдам шабуылдар бар. Бұл жерде жаттығуларда жұмыс істеп, қателіктерді түзететін боламыз".

Талап Қойбағаров