Жеңілдік, бірақ жағымды жақтары да бар

06.04.2024

Қазақстандық спортшыларсыз Хорватиядағы (Вараждин қ.) үстел теннисінен "WTT Feeder" халықаралық турнирі жалғасуда. Жерлестеріміздің өнер көрсету нәтижелері келесідей: Кирилл Герасименко 1/8 финалға дейін жетті, Сарвиноз Мирқадірова 1/16, Санжар Жұбанов 1/32, Айдос, Дастан Кенжеғұловтар, Анастасия Лаврова, сондай-ақ ерлер жұбы Дастан Кенжеғұлов/Санжар Жұбанов, микст Айдос Кенжеғұлов/Сарвиноз Мирқадірова іріктеуден өте алмады және жарыстың негізгі торына шықпады.

Жағымды жақтарына келетін болсақ 1/32 финалда Сарвиноз Мирқадірованың әлемнің 30-шы ракеткасы, аралас командалар арасындағы Әлем Кубогының күміс жүлдегері Ким На Ёнды (Корея) 3:1 есебімен жеңгенін атап өткіміз келеді.


Талап Қойбағаров