Жеңілді, бірақ лайықты өнер көрсетті

15.06.2024

Люблянада (Словения) жүлде қоры 250 000 АҚШ долларын құрайтын "WTT Star Contender" өкілдік халықаралық турнирі өтуде. Қазақстанның атынан ойынның жоғары деңгейін көрсеткен Кирилл Герасименко, Фран Коичті (Хорватия) 3:2, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Дарко Йоргичті (Словения) 3:2 есептерімен жеңіп, ал 1/8 финалда ол Әлем кубогының иегері, Олимпиада Ойындарының 6 дүркін жүлдегері, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері әйгілі - Дмитрий Овчаровқа (Германия) жол берді.

Талап Қойбағаров