Жеңдерін орап, жұмысқа кірісті

19.06.2021

"Saryarka" Қарағанды үстел теннисі орталығында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей спортшыларының қатысуымен Супер және Жоғары лигалардағы Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының 2-ші туры басталды. Біздің көптеген клубтарымызды жақын және алыс шетелден келген легионерлер күшейтті. "Sigma" (Шымкент) сапында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Лондон Олимпиада Ойындарының қатысушысы, Украинаның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері Александр Дидух (Украина), Украинаның бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері Антон Лимонов, Украина жасөспірімдер құрамасының мүшесі, жасөспірімдер чемпионаттарының чемпионы және жүлдегері Назар Третьяк сияқты ойыншылар өнер көрсетеді. "Астана" намысын жеке есептегі және аралас жұптағы 2021 жылғы РФ чемпионатының қола жүлдегері Андрей Байбулдин (Ресей) қорғайды. Ақтөбелік "Greenwill" клубы командалық есептегі Ресей чемпионатының қола жүлдегері Руслан Алчимбаевпен (Ресей) және Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері Илья Березинмен (Ресей) күшейді. Жарыс қожайыны "ТТ Club Кaraganda" құрамында Польшадан келген ойнайтын жаттықтырушы, юниорлар арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы Бартош Сух бар.

Бірінші жарыс күнінен кейін Суперлигада жеңіліссіз мына командалар келе жатыр: "Астана" (Нұр-Сұлтан), "Greenwill" (Ақтөбе), "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) және "Sigma" (Шымкент). Жоғары лигада тек "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан) және "ТТ Club Кaraganda-2" (Қарағанды) өз қарсыластарынан ұтылған жоқ. Чемпионат жалғасуда.

Талап Қойбағаров