Жауынгерлік тең ойын

16.04.2024

Макаода (Қытай) үстел теннисінен Әлем Кубогы өтуде және бүгін қазақстандық Кирилл Герасименко әлем чемпионатының жеке есептегі қола жүлдегері, командадағы Азия чемпионы Ан Чжэ Хенмен (Корея) кездесті. Қызықты жекпе-жек 2-2 есебімен тең аяқталды (тең түсуге рұқсат етілген жарыстың жаңа форматы).

Ертең Кириллдің қарсыласы командадағы, жұптық және аралас разрядтардағы 7 дүркін әлем чемпионы Ван Чуцинь (Қытай) болады.


Талап Қойбағаров