Жауынгерлік тең ойын

21.11.2021

Үстел теннисінен Германия чемпионатының 2-ші лигасында қазақстандық Анастасия Лаврова және оның "SV Schott" (Йена) клубы бойынша құрбылары Эдже Харак, Майя Кунац, Карлин ван Лиероп "SV DJK" (Кольбермор) ойыншылары Лаура Каим, Яна Жмуденко, Наоми Пранькович, Лаура Тифенбруннермен жарысты. Матч қызықты, тартысты өтті, ешкім де жеңілгісі келмеді: "SV Schott" - "SV DJK" 1:1, 2:1, 2:3, 3:4, 4:4, 5:4 және соңғы нәтиже 5:5. Анастасия Лаврова өз командасына 2 ұпай әкелді (жеке есептегі және жұптық разрядтағы жеңіс). "SV Schott "(Йена) әзірге жетінші орында, ал" SV DJK " (Кольбермор) төртінші орында.

Талап Қойбағаров