Жаттығу барысына жаңа әдістемені енгізу

30.11.2023

Үстел теннисінен Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы болып ҚР спорт шеберіне үміткер, командалық есептегі Қазақстан жастар чемпионатының күміс жүлдегері, облыс чемпионы - Ерлан Ибраев тағайындалды.

Ерлан Амандықұлына сергектік, оптимизм және шыдамдылық тілейміз. Жұмыс көп - жаттықтырушылар ұжымымен бірлесіп құрама команданың, спортшылардың тактикалық, техникалық және физикалық қабілеттерін ашып, дамыту қажет. Қиындықтарды жеңуге және сәтсіздіктерге жол бермеуге үйрету, ақтөбелік теннисшілерді республикалық деңгейде қайтадан бәсекеге қабілетті ету және жаттығу барысының тәжірибесіне міндетті түрде жаңа әдістемені енгізу.

Сәттілік!


Талап Қойбағаров