Жаттықтырушылар Павлодардағы жаңа үстел теннисі клубында жұмысқа кірісті

24.08.2022

Павлодардағы "JENIMPAZ" үстел теннисінің жаңа клубы өз жұмысын бастады. 6 жастан 20 жасқа дейінгі спортшыларды даярлаумен жаттықтырушы-кеңесші лауазымына тағайындалған Хорьков Алексей Юрьевич айналысады.

Клубта үстел теннисімен айналысатын 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды қарау басталды. Тәжірибелі маманның міндеттеріне іріктеу мен негізгі жаттығу барысынан басқа Павлодар облысының жаттықтырушылары мен ойыншылары үшін ашық сабақтар мен мастер-кластар өткізу кіретін болады.

"Маған " JENIMPAZ " клубынан жұмыс істеу туралы ұсыныс түсті және мен көп ойланбастан оны қуана қабылдадым. Себебі, бұл жерде өте жақсы ұйымдастыру мен жаттығу залы бар. Клуб пен облыс басшылығы біздің спорт түрімізді дамытуға және осы клуб спортшыларының арасында ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге өте мүдделі.

Өз алдыма барынша мақсаттар мен міндеттер қоямын, бұл болашақта ұлттық құрамаға түрлі жастағы спортшыларды дайындауға тырысамын деген сөз", - деп бөлісті Алексей Хорьков.

Қазіргі уақытта Хорьков жаттықтырушылар Дәулет Ысқақов және Алексей Мищукпен бірге Павлодарда тамыздың 15-і мен 21-і аралығында өтіп жатқан 2004 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионатында атлеттерді дайындаумен және жетекшілік етумен айналысуда.

Хорьков Алексей Юрьевич - өз кәсіби қызметін 1999 жылдан бастаған, жоғары санатты жаттықтырушы. Маман атлеттерді дайындау және халықаралық жиындарды өткізумен айналысқан, бес итальяндық үстел теннисі клубында жұмыс істеу тәжірибесі бар, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі жас санатындағы ойыншылар үшін 40-тан астам мастер-кластар ұйымдастырған.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда "JENIMPAZ" үстел теннисі орталығының базасында үстел теннисінің бір аттас клубы ашылды. Клубтың негізгі мақсаттары Павлодар облысында үстел теннисін дамыту және танымал ету, жергілікті спортшыларды республикалық және халықаралық турнирлерге дайындау, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік спорт клубтарымен байланыс орнату және дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта үстел теннисі орталығында осы спорт түрімен 250-ге жуық бала айналысады, оларды білікті жаттықтырушылар жаттықтырады.