Жастар спорттық шыңдарды шабуылдауда

19.01.2020

Қарағандыда командалық турнирден кейін үстел теннисі бойынша Қазақстан чемпионатына қатысушылар кезекті марапаттар жиынтығын сарапқа салды. Осылайша, қола медаль иегерлері болып мына ойыншылар атанды:

Ерлер

Тимур Келбұғанов (Алматы), Дастан Кенжеғұлов (Орал);

Жұптық разряд. Ерлер

Самат Бейсенов ( Алматы) - Марат Сұртұбаев (Қарағанды) және Диас Марқабаев ( Ақтөбе) - Владислав Захаров (Қарағанды);

Жұптық разряд. Әйелдер

Гүлчехра Құсейінова (Орал) - Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) және Әсем Өтепова - Елена Бондарь (екеуіде Павлодар облысы);

Аралас разряд

Самат Бейсенов ( Алматы) - Ангелина Романовская (Екібастұз) және Диас Марқабаев (Ақтөбе) - Алина Борисюк (Қостанай).

Жартылай финал ойындары немен есте қалды?

Әйелдер жұбы арасында 16 жастағы Әнел Бақыт (Алматы) және Ангелина Романовская (Екібастұз, суретте) шешуші бесінші партияда тәжірибелі Анастасия Лаврова мен Гүлчехра Құсейіноваға 1:7 есебімен жеңіліп жатқан болатын, бірақ олар жігерленіп, кездесу барысын өз пайдаларына шешіп,11:8 есебімен ұтып кетті, және бірінші рет Қазақстан чемпионатының финалына шықты.

Жеңіске деген жігерлерін Әсем Өтепова - Елена Бондарь (екеуіде Павлодар облысы) көрсетті. Олар қорытынды сетте қарсыластарына 4:8 есебімен жеңіліп жатып, 8:8-есебімен қуып жетті, және 11:9-есебімен алдыға шығып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Аралас жұптар арасындағы турнирде Диас Марқабаев (Ақтөбе) пен Алина Борисюк (Қостанай) сенсация жасауға аз қалды, олар финалға шығу үшін матчта Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврованы (Нұр-Сұлтан) біраз жүгіртті. Есеп жауынгерлік 3:2, және астаналық спортшылар шыңға жету үшін өз жолдарын жалғастыруда.

Ертең чемпионатта финалдық кездесулер.


Талап Қойбағаров