Жастар арасындағы әлем чемпионаты

28.11.2023

Словенияда (Нова-Горица) жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде және 28 қарашадан бастап қазақстандықтар Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова сайысқа түседі. Жеребе тастағаннан кейін біздің спортшылар алғашқы матчтардағы қарсыластарын білді:

Жеке разряд.

1/16 финал Алан Құрманғалиев - Брин Вовк (Словения);

1/16 финал Сарвиноз Мирқадірова - Аннетт Кауфманн (Германия).


Жұптық разряд.

1/8 финал Алан Құрманғалиев /Том Клозет (Қазақстан /Бельгия) - Николас Лум/Финн Луу (Австралия);

1/8 финал Сарвиноз Мирқадірова/Хана Арапович (Қазақстан /Хорватия) - Сухана Сайни/Яшасвини Горпаде (Үндістан).


Аралас разряд.

1/16 финал Алан Құрманғалиев / Хана Года (Қазақстан /Мысыр) - Брин Вовк/Энья Молтара (Словения).


Аланға, Сарвинозға және олардың жұптық, аралас разрядтардағы серіктестеріне сәттілік.


Талап Қойбағаров