Жарайсың Денис! Жарайсың медалист!

09.08.2022

Түркияның Конья қаласында спорттың 27 түрі бойынша Ислам Ынтымақтастығының 5-ші ойындары өтуде және үстел теннисі турнирінде Өскемендік Денис Жолудев қола медальға ие болды. Құттықтаймыз!

Денис мықты сегіздікке шығу үшін матчта Сауд Арабиясы құрамасының көшбасшысы Абдұлазиз Бу Шулайбиді 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда қазақстандықтың қарсыласы Ойындардағы бірінші нөмір астына іріктелген, тәжірибелі Ибрагим Диау (Сенегал), әлемдегі 65-ші ракетка болды. Біздің теннисші жоғары орындаушылық шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Төртінші партияда 1:2 есебімен ұтылып жатып, 13:11 есебімен алға шықты. Шешуші сет 11: 8 және Денис Жолудев жартылай финалда. Финалға барар жолда оны Рио-де-Жанейро-2016 және Токио-2020 Олимпиада Ойындарының қатысушысы Нима Аламиан (Иран) күтіп тұрды. Тәжірибелі шеберлердің қарсылығында ирандық мықты болды.

Финалдық сегіздікке дейін жеткен Алсу Сапарованың (Орал) өнер көрсетуін айта кету керек.


Талап Қойбағаров