Жапония Қытайды жеңді

28.07.2021

Токиодағы үстел теннисінен олимпиада турнирінде аралас разрядтағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Мамандар болжағандай финалда Дзюн Мизутани/Ито Мима (Жапония) - Сюй Синь/Лю Шивэнь (Қытай) ойнады. Есеп 4:3 (5:11, 7:11, 11:8, 11:9, 11:9, 6:11, 11:6) және күншығыс елінің теннисшілері жазғы Олимпиада Ойындарының чемпиондары атанды. Құттықтаймыз!

Қола медальдарды Линь Юньжу/ Чжэн Ицзин (Тайбэй) жеңіп алды. Жарыстар жалғасуда: 29-шы шілдеде жеке әйелдер арасындағы турнирінің финалы, 30-шы шілдеде ерлер арасында. Құрама командалар арасындағы үздіктер 5-ші (әйелдер) және 6-шы (ерлер) тамызда белгілі болады.

Суретте жазғы Олимпиада Ойындарының чемпиондары Дзюн Мизутани/Ито Мима (Жапония).

Талап Қойбағаров