Жаңа жылда жаңа басшымен бірге

04.01.2020

Соңғы жылдары атыраулық үстел теннисі өкілдері Қазақстан чемпионаттарында, республикалық, халықаралық турнирлерде сирек кездесетін қонақтар болды. Еліміздің Ашық командалық чемпионатының Супер, жоғарғы лигаға қатысушылары арасында да мұнай өңірінің спортшылары жоқ. Жағдайды түзету, істің жағдайын жақсарту үшін ҚР Үстел теннисі федерациясының Атырау облысындағы филиалының басшысы болып ЖШС "Сұйытылған мұнай газ сақтау қоймасы" Бас директоры Айдос Талтенов тағайындалды. Оның басқару тәжірибесі үстел теннисінің дамуына жаңа серпін беруі тиіс. Алдыда үлкен жұмыстар тосып тұр: бұл спорт түрі үшін жағдай жасау, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу, жоғары деңгейдегі теннисшілерді дайындау, спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу сияқты.

Айдос Талтенов: "Аймақтағы үстел теннисінің ағымдағы жағдайымен танысудамын және алдағы стратегиялық Жоспарлар осыған байланысты болады. Облыс пен Қазақстан Республикасын халықаралық аренада лайықты таныстыратын жастарды өсіру қажеттігін түсінемін".


Талап Қойбағаров