Жаңа тактикалық схемаларды тексеру және сынау

09.10.2021

Павлодарда спортшылардың бірнеше буынын даярлаған №1 Қашыр орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Китаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі ашық турнир басталды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: "Алтынды" Әлия Абжанова (Нұр-Сұлтан қ.), "күмісті" Ангелина Халилова (Нұр-Сұлтан қ.), "қоланы" Алма Біләлова (Ақсу қ., Павлодар облысы) жеңіп алды. 10 қазанда 40-49 жас, 50-59, 60 жас және одан жоғары жас санаттарында ерекшелене алатын спортшылардың аты-жөндері белгілі болады. Әзірге Алексей Мищук (Павлодар қ.), Александр Хоткин (Нұр-Сұлтан қ.), Асхат Ысқақов (Павлодар қ.), Талғат Әнуарбек (Нұр-Сұлтан қ.), Геннадий Герасименко (Нұр-Сұлтан қ.), Нартай Төлбасиев (Түркістан қ.), Үмбет Жүсіпбаев (Түркістан қ.) құрмет тұғырына сеніммен қадам басуда. Сол күні 39 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстанның ұлттық, жастар, жасөспірімдер құрамаларының мүшелері Сарвиноз Мирқадірова, Ескендір Харки, Әнел Бақыт, Бақдәулет Әкімәли, Ангелина Романовская, Ырысбек Артұқметов, тәжірибелі шебер Денис Жолудев, "TTC Karaganda" жаттықтырушысы Бартош Сух және т.б. ойнайтын ақтық жекпе-жектер өтеді. Жасөспірімдер мен кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченконың пікірі: "Мұндай турнирлерге қатысу теннисшілер үшін өте маңызды және пайдалы. Мұнда сенімді түрде тәжірибе жасауға, жаңа тактикалық схемаларды тексеріп, сынауға, спортшының техникалық арсеналын арттыруға, ілгерілеуге болады".

Талап Қойбағаров