Жаңа орын басушылар өсіп келеді

12.10.2021

Түркістанда үстел теннисінен 2008 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Абсолютті чемпион атанған Рамазан Нәзір (Түркістан) және Виктория Мочалкина (Қарағанды) өте жақсы өнер көрсетіп команда бойынша, жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарда - төрт алтын медаль жеңіп алды. Бірнеше жыл бұрын еліміздің ересектер арасындағы чемпиондары Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) осындай нәтижелерді көрсеткен болатын. Біздің көшбасшылардың артынан мықты жаңа орын басушылар өсіп келеді.

Ұлдар. Жеке турнир.

1 орын Рамазан Нәзір (Түркістан), 2 орын Ержігіт Серікбай (Батыс Қазақстан облысы), 3 орын Нұрислам Қасым (Шымкент), 3 орын Нұржігіт Жолдыбай (Түркістан).

Қыздар. Жеке турнир.

1 орын Виктория Мочалкина (Қарағанды), 2 - Ноиля Ханиязова (Түркістан), 3 - Аққу Темірханова (Маңғыстау облысы), 3 - Полина Сиротина (Қарағанды).

Ұлдар. Жұптық разряд.

1 орын Рамазан Нәзір/Нұржігіт Жолдыбай (Түркістан), 2 - Нұрислам Қасым/Ержігіт Серікбай (Шымкент/БҚО), 3 - Дәурен Жұмағазы/Латифулла Жақсылықов (Маңғыстау облысы), 3 - Дінмұхамед Қасенов/Нұрбол Тоқтамыс (Нұр-Сұлтан).

Қыздар. Жұптық разряд.

1 орын Виктория Мочалкина/Дарья Фу (Қарағанды), 2 - Аққу Темірханова/Айназ Әділгереева (Маңғыстау/Алматы), 3 - Гүлназ Буланова/Ноиля Ханиязова (БҚО/Түркістан), 3 - Ақниет Амангелді/Меруерт Тажимова (Шымкент / Нұр-Сұлтан).

Аралас разряд.

1 орын Рамазан Нәзір / Виктория Мочалкина (Түркістан/Қарағанды), 2 - Нұрислам Қасым/Дарья Фу (Шымкент/Қарағанды), 3 - Ержігіт Серікбай/Гүлназ Буланова (БҚО), 3 - Азиз Пердебеков/Аққу Темірханова (Түркістан/Маңғыстау).

Ұлдар. Командалық турнир.

1 орын - Түркістан облысы, 2 - Шымкент, 3 - Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары.

Қыздар. Командалық турнир.

1 орын - Қарағанды облысы, 2 орын - Батыс Қазақстан облысы, 3 орын - Шымкент және Түркістан.

Суретте Қазақстанның абсолютті чемпиондары Виктория Мочалкина мен Рамазан Нәзір жаттықтырушы Ержан Есімхановпен бірге.


Талап Қойбағаров