Жаңа мемлекеттік жаттықтырушы тағайындалды

29.10.2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасының үстел теннисінен мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына бұрын Республикалық үстел теннисі федерациясының спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру жөніндегі менеджері қызметін атқарған Руслан Жетубаев тағайындалды. Спорт шеберіне үміткер өзін жақсы жағынан көрсете білді және өңірлерде спорт түрін дәріптеу, турнирлерді, жарыстарды ұйымдастыру деңгейін арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Руслан Жетубаевтың басқару тәжірибесі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметіне қазақстандық үстел теннисін дамытуға жаңа серпін береді.