Жаңа маусымға оптимистік жоспарлармен

24.02.2022

25, 26 және 27 ақпанда Алматыда үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының I-ші туры (2-ші лига) өтеді. Үш күн бойы республикалық Федерация залында "ASM" (Бішкек, Қырғызстан), "Aurora" (Нұр-Сұлтан), "Deaf" (Қостанай), "Dream team" (Алматы), "Мартөбе БЖСМ-12" (Шымкент), "TT Prime" (Қарағанды), "Қостанай", "Қарағанды-2 ООРМБЖМ", "Сұңқар" (Шымкент), "Топжарған" (Шымкент) командалары өнер көрсетеді. Команда құрамында тәжірибелі теннисшілер де, өте жас, бірақ болашағы зор спортшылар да бар.

Талап Қойбағаров