Жаңа Федерация, жаңа мақсаттар мен міндеттер

27.12.2022

2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның Жетісу облысында үстел теннисі Федерациясы ашылды, оның мақсаты осы олимпиадалық спорт түрін дамыту, оны насихаттау, кейіннен ОРБЖСМ-де жаттығуға мүмкіндік бере отырып, дарынды, келешегі бар спортшыларды анықтау, сондай-ақ облыс, республика құрамасы үшін теннисшілерді даярлау болып табылады. Үстел теннисі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге көмек көрсету. Сондай-ақ, бұқаралық спортқа халықтың бос уақытты өткізу нысаны ретінде - үстел теннисінің іс-шаралары мен мерекелерін ұйымдастыру, мектептерде, жоғары оқу орындарында, кәсіпорындарда фестивальдар, мастер-класстар өткізуге назар аударылатын болады.

Жол болсын, Федерация!