Қызықты ойындарды күтуде

15.06.2023

16, 17, 18 маусымда Астанада, Алматыда және Ақтөбеде үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының II турының матчтары өтеді, онда Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары ойнайды. Барлығы ракетка шеберлерінің қызықты ойындарын күтуде.

Суперлига (12 ерлер командасы, ойындар Астанада өтеді);

Екінші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Астана);

Үшінші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Ақтөбе);

Төртінші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Ақтөбе);

Бесінші лига (19 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Алматы).


Талап Қойбағаров