Қызылордада үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды

01.04.2024

Қызылорданың сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үстел теннисі орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Жобаның құны 2 миллиард 700 млн теңге және ол заманауи инфрақұрылымы бар екі қабатты кешен болады.

Бүгінгі таңда облыста 329 мыңға жуық адам бұқаралық спортқа тартылды, аудандарда 11 спорттық-сауықтыру нысаны салынды. Қызылордада қала тұрғындарына халықаралық стандарттарға сай келетін орталық стадионы, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені беріледі. 2025 жылы пайдалануға берілетін үстел теннисі орталығы халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын одан әрі арттырады деп болжануда.