Юрий Посевинді еске алуға арналған дәстүрлі турнир

31.07.2024

2, 3, 4 тамызда "Хван Ман-Гым" спорт клубының үстел теннисі орталығында (Ташкент облысы, Өзбекстан) КСРО спорт шебері, Орта Азия және Қазақ КСР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері (1960 ж.-1966 ж.), КСРО үстел теннисі Федерациясының президенті, Еуропалық үстел теннисі Одағының вице-президенті Юрий Алексеевич Посевинді еске алуға арналған Ашық жасөспірімдер клубтық чемпионатының III турының матчтары өтеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары келесі жас санаттарында өнер көрсетеді:

2008 жыл және одан кіші - командалық сынақ;

2008 - 2010 жылдар - жеке есеп;

2011 жыл және одан кіші - жеке есеп.


Талап Қойбағаров