Қытай Халық Республикасының қатысуынсыз

26.09.2021

28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Дохада (Катар) үстел теннисінен XXV-ші Азия чемпионаты өтеді. Жеке, жұптық және аралас разрядтарда 115 спортшы ерлер мен 75 спортшы әйелдер өнер көрсетеді, ал командалық Кубок үшін 28 ерлер, 18 әйелдер құрамасы күреседі. Қазақстан атынан негізгі құрлықтық турнирде Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ырысбек Артұқметов, Сарвиноз Мирқадірова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева (суретте), Анель Бақыт өнер көрсетеді.

Азия чемпионатында алғаш рет әлемдік үстел теннисінің көшбасшылары - қытайлықтар ойнамайды, себебі осы күндері Шэньси провинциясында 14-ші Ұлттық Ойындар өтіп жатыр және ҚХР спорт басшылығы ішкі жарыстарды артық көрді.



Талап Қойбағаров