Ыстық шілдедегі қызу жекпе-жектер

28.07.2022

29 шілде күні Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында 2009 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталады. Командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, республика облыстарының теннисшілері өнер көрсетеді. Ыстық шілдеде қызу жекпе-жектер күтілуде.

Талап Қойбағаров