"Ғылым қаласындағы" үстел теннисі

09.08.2021

10 тамызда Германияның Йена қаласына үстел теннисінен Қазақстан олимпиадалық құрамасының мүшесі, спорт шебері Анастасия Лаврова аттанады, ол өзінің спорттық мансабын жергілікті "Schott Jena" клубында жалғастырады. Келісімшартқа бір жылға қол қойылды. Біздің теннисшіге сәттілік тілейік!

P.S. Йена - 1558 жылы ашылған өзінің университетімен әйгілі қала, онда қазіргі уақытта 20 мыңнан астам студент оқиды. Неміс ғылымын қолдау қоғамы Йенаға "Ғылым қаласы" атағын берді.


Талап Қойбағаров