WTT жазғы сериясы

08.07.2022

Будапештте WTТ үш турнирі (Әлемдік Үстел Теннисі) өтеді және Венгрия астанасында әлемнің ең мықты спортшылары 12 атақты ұтысқа салады. 11-17 шілде аралығында WTT Star Contender (Кирилл Герасименко өнер көрсетеді), одан кейін 18-22 шілде аралығында WTT Feeder (Алан Құрманғалиев), ал 18-23 шілде аралығында жүлде қоры 500 мың доллар болатын WTT Champions (Кирилл Герасименко) өтеді.

Қатысушылардың құрамы әсерлі: Олимпиада чемпиондары Ма Лонг (ҚХР) және Чэн Мэнь (ҚХР), атақты Мима Ито (Жапония), Уго Кальдерано (Бразилия), Квадри Аруна (Нигерия), Дмитрий Овчаров (Германия), Хан Йин (Германия), Адриана Диаз (Пуэрто-Рико). Қомақты жүлде ақшасынан басқа жеңімпаздар өздерінің халықаралық рейтингісінің қоржынына 1000 ұпай алады. Күресуге көп ынта бар!

Талап Қойбағаров