"WTT Youth Сontender Almaty" ойын кестесі

24.07.2023

25-28 шілде аралығында Алматыда алғаш рет үстел теннисінен "WTT Youth Сontender Almaty" Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, онда бес жас санатында әлемнің 13 елінен спортшылар қатысады. Осы беделді жарыстарды ұйымдастыру біздің сүйікті спорт түрін барлық деңгейде дамытуға деген ұмтылысымыздың тағы бір дәлелі болып табылады.

Сіздердің назарларыңызға "WTT Youth Сontender Almaty" ойын кестесін ұсынамыз.


Турнирдің бас серіктесі @samrukkazyna_official компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - @samruk_kazyna_trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ @sportqory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры болды

ҚР Үстел теннисі федерациясы @akimat_almaty, "ADD Capital" демеушісіне және @qazsport_official ақпараттық серіктесіне турнирді ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.