"WTT Сontender Almaty" чемпиондары мен жүлдегерлері

19.09.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында "WTT Сontender Almaty" халықаралық турнирі жоғары деңгейде өтті және сәтті аяқталды. Ақтық кездесулер алдында Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин жарысқа қатысушылардың барлығына жылы лебізін білдіріп, жаттықтырушыларды, төрешілерді, спорт ардагерлерін, облыстық федерация басшыларын - барлығы 19 адамды құрмет грамотасымен, ІІ-ші дәрежелі "Қазақстан Республикасында үстел теннисін дамытуға сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

"WTT Сontender Almaty"чемпиондары мен жүлдегерлері

Ерлер:

1 орын Рувен Филус (Германия)

2 орын Линь Юньжу (Тайбэй)

3 орын Хирото Шинозука (Жапония)

3 орын Лян Яньнин (Қытай)

Әйелдер:

1 орын Хина Хаята (Жапония)

2 орын Фу Ю (Португалия)

3 орын Хирано Миа (Жапония)

3 орын Сяоксин Ян (Монако)

Ерлер, жұптық разряд:

1 орын Линь Юньжу/Ляо Чен-Тин (Тайбэй).

2 орын Маттиас Фальк/Антон Каллберг (Швеция)

3 орын Денис Жолудев/Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан)

3 орын Ан Джэхён/Ли Сангсу (Корея)

Әйелдер, жұптық разряд:

1 орын Хина Хаята/Хирано Миа (Жапония)

2 орын Шин Юбин/Чой Хёджу (Корея)

3 орын Хуан И-Хуа/Чэн Сзу-Ю (Тайбэй)

3 орын Чжоу Цзинъи/Цзэн Цзянь (Сингапур)

Аралас разряд:

1 орын Линь Юньжу/Чэн Сзу-Ю (Тайбэй)

2 орын Сюй Хайдун/У Янчен (Қытай)

3 орын Кристиан Плетеа/Адина Дьякону (Румыния)

3 орын Лим Джонхун/ Шин Юбин (Корея)


Турнирдің демеушілерінің бірі "Qazaq Oil" көрермендер арасында арнайы байқау өткізіп, "200 литр бензин" сыйлық сертификатын ұтысқа салды. Жеңімпаздар №1 БЖСМ жаттықтырушысы Қаскелеңдік Ирина Кузьмина және Оралдан спорт шебері Дастан Кенжеғұлов болды.

Талап Қойбағаров