WTT сериясының "алтын" және "күміс" жүлделері

13.10.2021

Оманда Әлемдік үстел теннисінің - WTT жасөспірімдер сериясының турнирі өтуде. 15 елден келген спортшылар арасында қарағандылық Алан Құрманғалиев өз шеберлігімен ерекше көзге түсті. Дүйсенбіде ол 17 жастағы теннисшілер арасында "күмісті", ал бүгін 15 жасар теннисшілер арасында "алтын" жүлдені жеңіп алды. Алан мен оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров