WTT Contender күміс медалі

08.11.2021

Лашко курорттық қаласында (Словения) үстел теннисінен WTT Contender турнирі аяқталды, онда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко тамаша өнер көрсетті. Бенце Майорошты (Венгрия) 3:1, Хирото Шинозукуды (Жапония) 3:0, Пол Дринкхоллды (Англия) 3:2, Лю Диншоны (Қытай) 4:3 есебімен жеңіп, беделді жарыстардың финалына шықты. Бірінші орын үшін матчта Кирилл жеке есептегі және жұптық разрядтағы 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, командалық есептегі әлем кубогының иегері, жұптағы және командадағы Азияның екі дүркін чемпионы, әлемнің 12-ші ракеткасы Лян Цзинкуньмен (Қытай) ойнады. Есеп 4:0 атақты Қытай ойыншысының пайдасына шешілді. Кирилл Герасименконы WTT Contender "күмісімен" құттықтаймыз.

Талап Қойбағаров