"WTT Contender Almaty" турнирінің жұлдыздары

08.09.2022

Кез-келген жарыстың сәні - оған әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуы болып табылады және 13-18 қыркүйек аралығында Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында өтетін "WTT Contender Almaty" халықаралық турнирі де осы тұрғыдан тыс қалмайды.

2020 жылғы Олимпиада ойындарының, 2019 жылғы Әлем Кубогының және 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері - Лин Юн-Джу (Тайбэй, әлемдік рейтингтегі 7-ші), Олимпиада ойындарының 6 дүркін жүлдегері, 2017 Әлем кубогының иегері, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы - Дмитрий Овчаров (Германия, 10), командалық есептегі, жұптық және аралас разрядтардағы әлем чемпионаттарының төрт дүркін күміс жүлдегері, 2020 жылғы Жапония чемпионы, әлемнің экс-бірінші ракеткасы - Хина Хаята (Жапония, 6), 2022 жылғы Еуропа чемпионы - Цю Данг (Германия, 9), жұптық разрядтағы 2021 жылғы әлем чемпионы - Маттиас Фальк (Швеция, 33), 2017 Азия чемпионы, 2016 Әлем кубогының иегері, 2017 әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2020 Олимпиада ойындарының командалық есептегі күміс жүлдегері - Миа Хирано (Жапония, 18), әртүрлі разрядтағы әлем чемпионаттарының 6 дүркін жүлдегері, 2013 жылғы микстегі Азия чемпионы және 2021 жылғы жеке разрядтағы чемпионы - Ли Сан Су (Корея, 24), Еуропаның үш дүркін чемпионы - Бернадет Сеч (Румыния, 33) және тағы басқалары оңтүстік астанада көптеген көрермендер алдында өздерінің жоғары шеберліктерін көрсететін болады.


Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Ұлттық Олимпиада комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына және Алматы қаласының әкімдігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ бас демеуші - Самұрық-Қазына, "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры", "ADD Capital", "PTC Holding", "Qazaq Oil", "Қазақмыс корпорациясы", "Sulpak", "Halyk bank" демеушілеріне және турнирдің ақпараттық серіктесі - "QAZSPORT" телеарнасына алғыс білдіреді.

Талап Қойбағаров