«Werder» клубы «FC Saarbrücken-TT» - клубына қарсы мүмкіндікті пайдаланбады

11.02.2023

Германия чемпионатының 17-турында «Werder» клубының ойыншылары Кирилл Герасименко, Маттиас Фальк, Марсело Агирре, Кристиан Плетеа Бундеслига көшбасшыларының бірі «FC Saarbrücken-TT» (Саарбрюккен) - клубының ойыншылары Седрик Нюйтинк, Такуя Джин, Патрик Францискаға қарсы ойнады.

«Werder» жаттықтырушысы Кристиан Тамастың пікірі:

"Өкінішке орай, бүгін біз өз мүмкіндігімізді пайдаланбадық. Жеңіске жетуге болатын еді, әсіресе Марсело Агирренің Такуя Джинге қарсы партиясында. Агирре бірінші сетте 11:7 есебімен жеңіске жетті, екіншісінде алдыда болды, бірақ 9:11 есебімен жеңілгеннен кейін матч Такуя Джиннің пайдасына бұрылды.

Кирилл Герасименко 0:3 есебімен жеңілді, дегенмен барлық партиялар тартысты болды. Маттиас Фальк екі ұпай жинады. Жұптық разрядта да «FC Saarbrücken-TT» өзінің жетістігін бекітті".

«Werder» - «FC Saarbrücken-TT» 2:3:
Маттиас Фальк - Седрик Нюйтинк 3:1;

Марсело Агирре - Такуя Джин 1:3;
Кирилл Герасименко - Патрик Франциска 0:3;
Маттиас Фальк - Такуя Джин 3:1;
Герасименко/Плетя - Франциска/Нюйтинк 0:3.

Турнир кестесі

1 орын «Borussia» (Дюссельдорф, 14 жеңіс: 3 жеңіліс)
2 орын «FC Saarbrücken-TT» (Саарбрюккен, 13:4)
3 орын «TTF Liebherr» (Оксенхаузен, 10:6)

4 орын «Post SV» (Мюльхаузен, 9:7)
5 орын «TSV» (Бад-Кёнигсхофен, 9:7)
6 орын «Werder» (Бремен, 8:9)
12 орын FSV Mainz 05 (Майнц, 3:14).

Талап Қойбағаров