Владимир Белоглазовты еске алуға арналған III халықаралық турнир

13.09.2023

Свердлов облысының Верхняя Пышма қаласында 14-17 қыркүйек аралығында 13 жыл бойы ОТMK үстел теннисі клубын (Орал тау-кен металлургия компаниясы) басқарған Владимир Белоглазовты еске алуға арналған үстел теннисінен III халықаралық турнирі өтеді.

Ресейдің 28 аймағынан, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Армениядан келген 2012 жылы туған және одан кіші жас санаттарындағы 128 спортшы ұлдар мен қыздар жеке разрядта сайысқа түседі.

Жүлде қоры 300 000 рубль. Жеңімпаздар - 25 000 рубль, екінші орын үшін 20 000 рубль, үшінші орын үшін 15 000 рубль. Чемпиондар мен жүлдегерлердің жаттықтырушылары сондай мөлшердегі жүлдеге ие болады.

Қазақстанның атынан Верхняя Пышмада Дулат Ералхан (Шымкент), Абай Жұмағұл (Түркістан облысы), Әкежан Ерланұлы (Абай облысы), Каролина Бондарь (Павлодар облысы), Эльмира Мұхаметқалиева (Қарағанды облысы) өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы кадеттер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев. Сәттілік!

Талап Қойбағаров