Виртуалды тур бүкіл әлем бойынша саяхатын бастады

04.07.2021

"The Нopes Аround Тhe Clock" - дарындарды анықтау бойынша (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының " Hopes " бағдарламасы бойынша жаңа онлайн-нұсқасы. Әлемдік тур Азияда басталды, Еуропада, Океанияда және Африкада жалғасын тапты, содан кейін Солтүстік және Оңтүстік Америкада аяқталды. Екі күн ішінде сессияға 80 елден 253 ойыншы (119 қыз, 134 ұл), 181 жаттықтырушы қатысты.

Бірінші жаттығу сәтті өтті. Ойыншылар мен олардың тәлімгерлері өздерінің бейне жабдықтарын жаттығу жиындарын орындарда дәл көшіріп, ITTF сарапшылары ұсыныстар, нұсқаулар мен кеңестер беру арқылы процесске виртуалды түрде қатысуға мүмкіндік беретін етіп орнатты. Бағдарлама тек онлайн-тренингтерді ғана емес, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар өткізетін білім беру іс-шараларымен және әлемдік деңгейдегі теннисшілер өз ойындарымен, өз тәжірибесімен бөлісіп, ойыншылармен, "Hopes" жаттықтырушыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып, байытылатын болады. Мұның бәрі желтоқсан айының ортасында ұйымдастырылуы керек деп жоспарланған Дүниежүзілік "Hopes" апталығына қатысу үшін 20 қыз бен 20 ұлды іріктеуге әкеледі.

"The Нopes Аround Тhe Clock" келесі сессиясы 12 шілдеде өтеді.

Еске сала кетейін, 2019 жылы "Hopes Week" әлемдік турнирінің үздік жас теннисшісі 11 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев болды.



ITTF материалдары бойынша