Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына алғашқы іріктеу турнирі өтіп жатыр және бүгін 16 спортшы ұлдар, 16 спортшы қыздар финалдық "сегіздікке" шығу үшін шайқасты. 13 жастағы қарағандылық Виктория Мочалкина (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) өзіне, ата-анасына, жанкүйерлерге жағымды тосын сый сыйлады, ол кіші топта Ангелина Романовскаяны, Малика Сандыбаеваны жеңіп, үздіктердің үздіктерімен жарысты жалғастыруда.
Виктория Мочалкина:
"Ересектер арасындағы турнирде сенімді ойнап, мықты қарсыластарды жеңгеніме
өте қуаныштымын. Үлкен қателіктер жібермеуге тырыстым және финалдық
"сегіздікке" түстім, ура! Ертеңгі менің қарсыластарым өте мықты -
олар халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Сарвиноз Мирқадірова, Зәуреш Ақашева,
спорт шебері Александра Смирнова. Күресемін ".
Сәрсенбіде іріктеу турнирінің жеңімпаздары, жүлдегерлері
анықталады және сіздердің алдарыңызда медальға негізгі үміткерлердің тізімі:
Әйелдер,
"А" кіші тобы, 1 орыннан 8 орынға дейін:
Гүлчехра Құсейінова, Алсу Сапарова, Арай Әшкеева, Анель Бақыт.
Әйелдер, "В" кіші
тобы, 1 орыннан 8 орынға дейін:
Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мирқадірова,
Виктория Мочалкина, Александра Смирнова.
Ерлер, "А" кіші тобы ,1
орыннан 8 орынға дейін:
Денис
Жолудев, Ырысбек Артұқметов, Санжар Жұбанов, Темірлан Ким.
Ерлер, "В" кіші тобы,
1 орыннан 8 орынға дейін:
Алан Құрманғалиев, Эрик Райтер, Бақдәулет Әкімәли, Сағантай
Құрмамбаев.
Талап Қойбағаров